-
Хабарлама
2022 жылғы 21 қарашаға белгіленген
«АлмаТел Қазақстан» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының
күн тәртібін толықтыру туралы
хабарлама
«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әйтиев көшесі, 23-үй) Сізге 2022 жылғы 21 қарашаға белгіленген Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жалпы жиналыс) Қоғамның Директорлар кеңесі құрған (14.10.2022ж. №17 шешім) күн тәртібінің «АлмаТел Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін қосымша сайлау» деген қосымша мәселемен толықтырылғаны туралы хабарлайды.
Жалпы жиналыстың күн тәртібін толықтыруға бастамашы Қоғамның дауыс беретін акцияларының 93,84%-ын дербес түрде иеленетін акционер - «AT Acquisition Corp» ЖШС болып табылады.
2022 жылғы 21 қарашаға белгіленген Жалпы жиналысты өткізу туралы өзге ақпарат өзгеріссіз қалады.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1) ««Moore Kazakhstan» ЖШС-ін Қоғамның 2022 және 2023 жылдардағы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде анықтау туралы»;
2) «АлмаТел Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін қосымша сайлау»
Күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдармен акционерлер Жалпы жиналысты өткізуден он күн бұрын Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтиев көшесі, 23-үй, 47-кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында таныса алады.
«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ акционерлерін Жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз.
Басқа жаңалықар