Қымбатты әйелдер қауымы!
Сіздерді 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздер біздің өміріміздің сәнін келтіріп, жаңа батыл әрекеттер мен мақсаттарға шабыт бересіздер, қуаныш пен жайлы жағдай сыйлап келесіздер!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, мөлдір махаббат тілейміз, өмірлеріңіз күш-қуат, қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Әрдайым Сұлулық пен Мейірімділіктің қайнар көзі болып қала беріңіздер, ал біз әрқашан жандарыңыздан табылатын боламыз.