Басты бетЖаңалықтарALMA TV мен NGS халықтың Digital-сауаттылығын арттыруға бағытталған тегін онлайн-курсқа шақырады.
ALMA TV мен NGS халықтың Digital-сауаттылығын арттыруға бағытталған тегін онлайн-курсқа шақырады.
9 Августа 2021
ALMA TV компаниясы NGS Жаңа буын мектебімен бірлесе отырып, барлықтарыңызды IT, Digital-маркетинг пен психология саласындағы мамандар әзірлеп шығарған тегін эксклюзивті онлайн-курсқа шақырады.
Курстардың әрбір қатысушысы Apple өнімінің бағалы жүлделерін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Мамандардың болжамы бойынша, функцияларды бағдарламалар мен роботтардың орындайтығы себебінен 2030 жылға қарай ғаламшардағы шамамен 400 миллион адам немесе жұмыс күшінің 14%-ы жұмыстарынан айрылады. Жұмыскерлердің 77%-ы таяу уақытта жаңа дағдыларды үйренуге немесе толылығымен біліктіліктерін ауыстыруға мәжбүр болады. Қазіргі үздіксіз түрде өзгеріп жатқан заманда жаңа буынның «уақыттың өзгерісін» сезініп, соған бейімделуі аса маңызды болып отыр. Бұл ретте сіздерге біздің курс көмектеседі.
Жоба функционалы
Біз өзіміздің оқыту курсымызды 2021 жылғы 12 тамыздан бастап 1 қыркүйек аралығына дейін өтетін 7 сабаққа бөлдік. Сабақтардың шығу кестесін сайттан көруге болады. Сондай-ақ, барлық сабақ ALMA TV-дің ATV INFO ақпараттық арнасында шығатын болады. Тұтастай курстан өткеннен кейін материалды қаншалықты игергендігіңізді тексеру үшін сайтта тестілеу қолжетімді болады. Тестті 2-ші қыркүйектен 9-шы қыркүйек аралығында өтуге болады. 16 қыркүйек күні ALMA TV мен NGS-тің инстаграм-парақшаларындағы тікелей эфирде біз жеңімпаздарды жариялаймыз.
Жүлделер мен сыйлықтар
Жобаның тестілеуден өтетін әрбір қатысушысы өзінің нәтижесіне қарамастан NGS Жаңа буын мектебінің онлайн-курсынан өткендігі туралы сертификатталған дипломға ие болады. Тесттің барлық сұрағына дұрыс жауап беретін қатысушы Iphone 12, apple ipad 10.2 және apple watch series 6 мен 10 ынталандыру кәдесый жиынтықтарының ұтыс ойынына қатыса алады.
Жобаның мақсаттары
Біз халықтың ІТ-сауаттылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге адамдар алаяқтардың құрбаны болмау үшін және өз балаларын қорғаулары үшін оларға «цифрлық гигиенаны» сақтауды үйреткіміз келеді. Біз ата-аналарға еңбек нарығында міндетті түрде орын алатын өзгерістерге байланысты олардың балаларының жаңа технологияларды үйренуінің маңызы туралы айтқымыз келеді. Сонымен қатар балалардың онлайнда болуға қатысты қалауын жақсырақ түсіну және оларды желіде күтуі мүмкін қауіптер туралы баланың тілінде түсіндіру үшін балалардың әкелері мен аналарына өз балаларымен толықтай түсіністікте болу қажеттілігін еске салғымыз келеді.
Біздің жобаға қатысып, болашағыңа бір қадам жақын бол.