AlmaTV қызметтері үшін автотөлем арқылы төлем жасаңыз!
16 Июня 2021
Құрметті AlmaTV абоненттері!
Біз үнемі өз қызметтерімізді Сіздер үшін барынша ыңғайлы әрі жайлы етуге тырысамыз!
Осы ретте енді біздің сайтымызда төлемді онлайн түрде жасау қызметінің қолжетімді екендігін қуана хабарлаймыз.
Енді Сіздер қызметтер үшін онлайн төлем жасай аласыздар, сондай-ақ бұл процесті Сбербанктің онлайн сервистері арқылы Қазақстанның кез келген банкі төлем картасының көмегімен автоматтандырылған процеске айналдыра аласыздар.
Сайтта төлем жасау үшін қызметтерге төлем жасау бөліміне өтіп, төмендегі нұсқаулықтарды орындау қажет:
1)
www.almatv.kz ресми сайтындағы «Қызметтерді төлеу» бөліміне өтіңіз
2) Шыққан терезеде «Онлайн төлеу, шарттың нөмірі мен төлем сомасын енгізу қажет» дегенді басыңыз. Әрі қарай Сбербанк парақшасына өтесіз, онда төлем картасының деректерін енгізу керек.
3) Төлем жасаудың стандартты функциясынан бөлек, бұл парақшада автотөлем жасау үшін картаны байластыру функциясы бар (Компания қызметтері үшін төлем картасынан ақшаны ай сайын автоматты түрде есептен шығару).
4) Автотөлем функциясына жазылу үшін төлем жасау кезінде «Теңгерімді үнемі автоматты түрде толықтыру үшін картаның деректерін сақтап қалу» тармағына қанат белгісін қою керек. Төлемнің жасалғандығы туралы түбіртекті автоматты түрде жіберіп отыру үшін электронды пошта тармағына өзіңіздің электронды поштаңыздың мекенжайын қосыңыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, AlmaTV компаниясының Байланыс орталығына хабарласыңыздар.