«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы сайланды
15 Октября 2021
«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Компания) акционерлер құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. 2021 жылғы 01 қазандағы Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына төмендегілер сайланды:
- Е. Тунгушбаев - Директорлар кеңесінің төрағасы;
- А.Д. Ушбаев - Директорлар кеңесінің мүшесі;
- А.М. Тулегенов - Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Р. Канкин - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- А.М. Мукашева - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 25 тамызда Тұңғышбаевтар отбасы мен «TengriPartners» Инвестициялық компаниясы тұлғасындағы «ATAcquisitionCorp» ЖШС-нің «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы ұйымы» ЖШС-нен Компанияның акционерлік капиталындағы 93,84 % қатысу үлесін сатып алуы жөніндегі мәміле аяқталды.
Жаңа Директорлар кеңесі Компанияның телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласындағы даму бағытын жалғастыратын болады. Жаңа акционер үшін клиенттерге арналған сервис сапасын арттыру басымдыққа ие болмақ.