-
«АлмаТелекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Компания) акционерлер құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды
«АлмаТелекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Компания) акционерлер құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. 2021 жылғы 25 тамызда Тұңғышбаевтар отбасы мен «TengriPartners» Инвестициялық компаниясы тұлғасындағы «ATAcquisitionCorp» ЖШС-нің «DSFK (ДСФК) арнайы қаржы ұйымы» ЖШС-нен Компанияның акционерлік капиталындағы 93,84 % қатысу үлесін сатып алуы жөніндегі мәміле аяқталды.
Акционерлердің ауысуы себебінен Компания стратегиясына елеулі өзгерістер енгізілмейді. Жаңа акционер үшін Компаниядағы басты артықшылықтар клиенттер үшін сервис сапасын арттыру мен телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер кешенін дамыту болмақ.
«AlmaTV» сауда маркасына ие «АлмаТелекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ - Қазақстандағы деректер беру мен спутниктік телевидение саласын табысты түрде дамытып келе жатқан ең ірі ақылы кабельді телевидение операторы. Компания 27 жылдан астам уақыттан бері қызметін жүргізіп келеді.
«АлмаТелекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ – ҚР нарығында телекоммуникациялық қызметтердің барлық түрін, атап айтқанда, Интернет ТВ, Аналогтық ТВ, Цифрлық ТВ, ММДС пен Спутниктік ТВ, Интернет пен телефония қызметтерін ұсынатын жалғыз компания.
«AlmaTV» брендімен танымал компания дүние жүзі – Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Ресей мен Қазақстан бойынша телевизиялық арналардың ретрансляциясын жүзеге асырады.
Компания алдағы жылдары өз алдына контентті кеңейту, жаңа телевизиялық арналар қосу және шетелдік контентті қазақ тіліне көшіру міндетін қойып отыр.
Басқа жаңалықар