-
2021 жылғы 01 қазандағы «Алма Телекоммуникейшнс Казахстан» акционерлік қоғамының акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысын өткізу туралы Хабарлама
«Алма Телекоммуникейшнс Казахстан» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) (Қоғамның атқару органының орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Әйтиев көшесі, 23-үй) «Алма Телекоммуникейшинс Қазақстан» АҚ Директорлар Кеңесінің 2021 жылғы 27 тамыздағы шешіміне сәйкес (№8 хаттама) Акционерлердің Жалпы отырысын (бұдан әрі – Жалпы отырыс) өткізу туралы хабарлайды.
Жалпы отырысты өткізуге бастамашылық танытушы Қоғамның Директорлар кеңесі болып табылады.
Қоғамның акционерлерінің Жылдық жалпы отырысы 13.05.2013ж. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-52 баптарымен сәйкес жүргізіледі.
Акционерлердің кезектен Жалпы отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны - 2021 жылғы 01 қазанда жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Әйтиев көшесі, 23-үй, Red Meeting Room.
Отырысқа қатысышуларды тіркеуді бастау уақыты: отырыс басталғанға дейін 30 (отыз) минут бұрын.
Егер белгіленген отырыс болмай қалған жағдайда, Акционерлердің қайтадан болатын кезектен Жалпы отырысының өткізілетін күні, уақыты: 2021 жылғы 02 қазанда жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 00 минут.
Акционерлердің жалпы отырысына қатысуға құқықтары бар акционерлердің тізімін құрастыратын күн: 2021 жылғы 24 қыркүйек (00 сағат 00 минут).
Қосымша, Қоғам акционерлердің кезектен Жалпы отырысы өткізілетін күніндегі жағдай бойынша акционерлердің тізімдерін тексеруге құқылы.
Қоғамның акционерлерінің кезектен Жалпы отырысының күн тәртібі: «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы».
Жалпы отырысты өткізу тәртібі:
- Жалпы отырыста дауыс беруге қатысу үшін Жалпы отырысқа қатысуға құқылы тұлға осы хабарламада көрсетілген күндері және сағатта ресми тіркеуден өтуі тиіс;
- Жалпы отырыс ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі оның Жалпы отырысқа қатысуға және онда дауыс беруге өкілеттіктерін растайтын, белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты беруі керек. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және шартқа сәйкес акционер атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін танытуға құқысы бар тұлға үшін Жалпы отырысқа қатысуға және дауыс беруге сенімхат талап етілмейді. Тіркеуден өтпеген Акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтағанда ескерілмейді және жауыс беруге қатысуға құқысы жоқ;
- Жалпы отырысты шақырылған тұлғалар да қатыса алады, бұл ретте осындай тұлғалар Жалпы отырыста отырыс төрағасының рұқсатымен ғана сөйлеуге құқылы;
- Жалпы отырыс кворум болған жағдайда жарияланған уақытта ашылады;
- Жалпы отырыста төрағанаы (президиум) сайланады және дауыс беру үлгісін анықтайды – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша). Төрағаны (президиумды) сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру «1 (бір) акция – 1 (бір) дауыс» қағидасы бойынша жүзеге асырылады, ал шешім қатысып отырған және дауыс беруге қатысуға құқылы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан дауыс берген қарапайым басым бөлігі арқылы қабылданады;
- Жалпы отырыстың хатшысы Қоғамның корпоративтік хатшысы болып табылады;
- Жалпы отырыс өз жұмысындағы үзіліс және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, сонымен қатар Жалпы отырыстың күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді келесі күнге қарауға ауыстыру туралы шешімдер қабылдауға құқылы;
- Жалпы отырыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болғаннан кейін және олар бойынша шешім қабылданғаннан кейін жабық деп жарияланатын болады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер Жалпы отырыс өткізілетін күннен он күн бұрын жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минут аралығында Қоғамның атқару органының орналасқан мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Әйтиев көшесі, 23-үй, 47-кабинет.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмаған.
«Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ акционерлерін жалпы жиналыстың жұмысына қатысуға шақырамыз.
Басқа жаңалықар