Абоненттер назарына!
31 Мая 2021
1 маусым күні сағат 19:00-де
@hidepark.almaty-да (Тимирязев, 42,17, «Атакент» саябағының аумағында) ALMA TV мен Cartoon Network-тың балаларды қорғау күніне арналған бірлескен іс-шарасы өтеді. Іс-шараға кіру және шоу-бағдарламаға қатысу
– тегін. Іс-шара барысында балалар мен олардың ата-аналарын DJ мен шоу-бағдарламаның Жүргізушісі күтеді , ал таңғажайып кештің соңында сіздер Cartoon Network – тың «Элиот с Земли» жаңа мультфильмінің 6-сериясының тұсаукесерін тамашалай аласыздар. Бұл балалар үшін күтпеген оқиға болмақ, онда әрбір қонақ өзіне қызықты іс табады.
Айтулы іс-шарада отбасыңызбен бірге уақытты жайлы өткізу үшін бар жағдай жасалады.
Маңызды ақпарат:
*Саябақ аумағына 16+ жастағы немесе ата-аналарымен бірге 21+жастағы адамдар кіре алады
*Міндетті түрде бетперде кию керек
*hidepark.almaty аумағына өзіңізбен бірге тамақ пен сусын апаруға болмайды (кішкентай сәбилердің тамағын қоспағанда)
*Өзіңіздің көрпешелеріңізді әкелу керек
Біз сіздерді күтеміз!